Көкшетауда дәрігерлер тұңғыш рет күйік шалған теріні қалпына келтірді (видео)

Көкшетауда дәрігерлер тұңғыш рет күйік шалған теріні қалпына келтірді (видео)

Көкшетауда тұңғыш рет терінің аллогенді трансплантациялық отасы сәтті өтті. Аталған хирургиялық операция Ақмола облысында алғаш рет жасалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлерінің айтуынша, емделушілердің отадан кейінгі денсаулығы жақсарды. Емделушінің зақымдалған терісіне аллогенді тері фибробластын бүркіп, одан кейін термиялық күйік қалпына келе бастайды.

– Ауруханадағы терісі қатты күйген екі ер адамның терісіне трансплантация жасалды. Олардың бірі қызып тұрған пештің үстіне құлап, күйіп қалған. Екінші жігіт автокөлігін қыздырып отырғанда газ балоны жарылып кеткен,  – дейді облыстық аурухана дәрігерлері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от МОБ (@aqmol_mob)

Сәтті жасалған отадан кейін емделушілердің жағдайы тұрақты.

Ақмола облысы