Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитетінің хабарлауынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жеткен, оның 2663-і қайтыс болған. 27232 адам ауруханадан шыққан, – деп жазады Tengrinews.kz.
«31 провинциядан келген мәлімет бойынша, вирус жұқтырған 77658 адам тіркелді, ауруханадан 27232 адам шығарылды. Қайтыс болғандар саны 2663-ке жетті. Қазіргі уақытта 47672 адам әлі ауырып жатыр, оның 9126-сы ауыр жағдайда» делінген ресми хабарламада.Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитетінің мәліметінше, соңғы бір тәулікте елде тағы 508 адам вирус жұқтырғаны анықталған, ауруханадан 2589 адам дерттен жазылып шыққан. 71 адам (оның 68-і Хубейде) қайтыс болған. Қазіргі уақытта тағы 2,8 мың адам ауру жұқтырды деген күдікпен тексеріліп жатыр. Науқастармен байланыста болған 87,9 адам дәрігерлердің қадағалауына алынған.