Илья Ильин екінші рет үйленді
Илья Ильин екінші рет үйленді
698
оқылды
Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин екінші рет үйленді. Спортшының таңдаулысы астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко болды. Ерлі-зайыптылар 12 қаңтарда Астана қаласында шаңырақ көтерді.
«Мен махаббатқа, шексіз бақытқа және ең жақсы адамға «иә» деп жауап бердім», - деп жазды спортшының әйелі Instagram-да.
Еске салайық, бұл Ильиннің екінші некесі. Ол бұған дейін қазақстандық гандболшы Наталья Кулаковаға үйленген, олар 2017 жылы ажырасқан. Ерлі-зайыптылардың Милан атты қызы бар.