Елімізде 90-ға жуық адам коронавирус күдігімен оқшауланды - Бекшин
Елімізде 90-ға жуық адам коронавирус күдігімен оқшауланды - Бекшин
© ehonews.kz
147
оқылды
Елімізде дене қызуы көтеріліп, тұмау тиген 90-ға жуық адам коронавирус жұқтыру күдігімен оқшауланды, деп мәлімдеді  брифингте бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, - деп хабарлайды zakon.kz. «Елге келгендердің 90% мониторингпен қамтылған. Сондай-ақ, дене қызуы мен жедел респираторлы вирустық инфекцияларға шағымданған 89 адам оқшауланған бокстарға жатқызылды, 46 адам ауруханаларда жатыр, 43 адам шығарылды – біз бәрінен сынама алып, оны Алматыдағы орталыққа жіберіп отырмыз, - деді Бекшин. 3 ақпанда вирус жұқтырғандардың саны 17 459-ға жеткен. Қайтыс болғандар саны – 362, толық жазылып кеткендер саны – 483. Әлемдегі өлімнің 96%-ы Хубэй провинциясында, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың 98,9%-ы Қытай тұрғындары. Бұдан инфекцияның таралуы жалғасуда деген тұжырым жасауға болады, бірақ ең алдымен сол провинция мен Ухан қаласында таралуда. Демалыс күндері толық сауығып кеткендер саны қайтыс болғандардың санынан асып түсті. Бұл үміттендіреді. ҚХР билігі індетті негізгі аймақта оқшаулауы тиіс, – деді Бекшин.