Жамбылдық полицейдің пара алған сәті видеоға түсіп қалды

Жамбылдық полицейдің пара алған сәті видеоға түсіп қалды

EGOV.PRESS Телеграм-арнасында жамбылдық жол сақшысы жүргізушіден пара алып жатқанын бейнелейтін видео пайда болды.  Бейнежазбадан егде жастағы жүргізушінің әлденені айтып, ақталып жатқаны, содан соң қолма-қол ақша санап, бір бөлігін полиция қызметкерінің қолына ұстатқаны аңғарылады. Видеоға қарағанда, оқиға үлкен тасжолдың бойында болған. Бұл жағдайға қатысты құзырлы органдар тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.