Тұңғыш Президент отбасының байлығы заңмен қорғала ма – министр жауап берді
Тұңғыш Президент отбасының байлығы заңмен қорғала ма – министр жауап берді
фото: depositphotos.com/@palinchak
592
оқылды
Әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев отбасының байлығы заңмен қалай қорғалатынын түсіндірді, – деп хабарлады Halyq Uni. «Экс-президент үшін барлық кепілдік сақталады. Алайда бұл отбасы мүшелеріне қатысты емес. Кепілдік тек оған (экс-президент) қатысты болады. Күшін жоятын заңда оның отбасы мүшелеріне арналған шоттарға тиісті кепілдік қарастырылған», – деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң. Азамат Есқараев экс-президенттің туыстары заң бұзса, қылмыстық жауапқа тартылатынын атап өтті.
– Заңда мұндай кепілдіктер қарастырылмаған. Президент туралы конституциялық заңға сәйкес экс-президенттің отбасы үшін мұндай кепілдік жоқ, – деді министр.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері «Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының байлығына қатысты қандай да бір шешім қабылдана ма? Мысалы, Елбасы қоры, мүлкі, шетелдегі байлығы қатысты?» деп сұрақ қойды. – «Заңда мұндай кепілдік жоқ. Президент туралы конституциялық заңда экс-президент үшін мұндай кепілдік қарастырылмаған», – деді Азамат Есқараев. Қазақстан Конституциясының 46-бабына сәйкес, экс-президенттің абыройы мен қадір-қасиетіне тиісуге болмайды. Сондай-ақ бұрынғы Мемлекет басшысы мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету, қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Айта кетейік, бүгін Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоюға шешім қабылданды.