Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсынысқа жауап берді
Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсынысқа жауап берді
© uralskweek.kz
660
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқаруы керек» деген депутаттың ұсынысына жауап берді.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда азаматтардың зейнетақысы – еңбек өтілімі мен табысына қарай есептеледі.
– "Бұл туралы бізде арнайы жұмыс тобы құрылды. Мәселен, шахтерлерге байланысты жазатайым оқиғаларға қатысты төлемдері бар. Біз бұл мәселені соның аясында қараймыз деп шештік. Бірақ бүгінгі таңда қолданыстағы заңда 53 жасқа келген азаматтардың 5 баласы болса зейнетке шығуға мүмкіндігі бар. Егер де жұмыс істемегеннің өзінде 4 баладан көп баласы болса, мемлекет 12 жыл еңбек өтілімді қосып береді", – деді Тамара Дүйсенова орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Сондай-ақ министр 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі болмаса, олардың балалары көп болғанына қарамастан есептелмейтінін атап өтті.
– "Сол себепті жоғарыдағы мәселе азаматтардың жинақтаушы қорындағы қаражатының көп болуына байланысты. Егер жинақтаушы қорында қаражат болмаса, еңбек өтілі болмаса, зейнетақы да өте төмен болады", – деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.