Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
690
оқылды
Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 25 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде 14-15 қаңтарда облыстың солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында 30-34 градус аяз болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 14 қаңтарда түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 25 градус қатты аяз сақталады. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.