Ақтөбе облысында оқушының жұмбақ өлімінен соң күдікті қамауға алынды
Ақтөбе облысында оқушының жұмбақ өлімінен соң күдікті қамауға алынды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылындағы оқушының жұмбақ өлімінен соң күдікті қамауға алынды. Былтыр 20 желтоқсан күні Шалқар ауданы Айшуақ ауылында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайырдың айтуынша, оқиға болған күні 9-сынып оқушысын алдымен мейірбикенің үйіне апарған. Баланың тыныс алмай жатқанын білген мейірбике үй жанында тұратын дәрігерге хабар берген. Ол да кәмелетке толмаған баланың мерт болғанын айтып, полиция шақырды. Ал бүгін Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.
«Шалқар аудандық соты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген, яғни, «Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша күдіктіні 2 ай мерзiмге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі.