Ақтауда оқушы қызды алып қашып жатқан сәт видеоға түсіп қалды
Ақтауда оқушы қызды алып қашып жатқан сәт видеоға түсіп қалды
835
оқылды
Ақтауда кәмелетке толмаған қыз өз жігітін ұрлады деп айыптаудан бас тартты, деп хабарлайды Polisia.kz телеграм-арнасы. Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында кәмелетке толмаған қызды үш жас жігіттің ұрлау фактісі бойынша видеоролик тарады. Қыздың анасының арызы бойынша Ақтау қаласы Полиция басқармасы кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру фактісі бойынша тергеу бастады. Тергеу нәтижелері бойынша іс қандай да бір қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Кәмелетке толмаған қыздың жауаптарына сай ұрлауды ұйымдастырған оның сыныптасы және олар қыз бен жігіт қарым-қатынасында болған, жігіт қызға одан әрі үйлену үшін ұрлау ниеті туралы бірнеше рет хабарлаған. Сондай-ақ, қыз өз жауабында сыныптасы және оның достары тарапынан зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоққы көрсетілмегендігін атап айтты. Осындай жауапты жәбірленушінің сыныптасы және оның достары да берді. Құдаласуға қатысты келіссөздер үшін туысы жіберілді, содан кейін қыз анасына қайтарылды.