Алмабаев BRAVE лигасынан кететінін мәлімдеді
Алмабаев BRAVE лигасынан кететінін мәлімдеді
177
оқылды
Отандасымыз, ММА ше­бе­рі Асу Алмабаев BRAVE ли­гасын­дағы келісім­шар­ты­ның аяқтал­ғанын мәлімдеді. Ол аталған лигадағы барлық кез­десуін жеңіспен аяқтаған.
«Жақында BRAVE өкілдерімен кез­дестім. Олар келісімшартты ұзар­тып, Алимұрадовпен белбеуге та­ласу туралы ұсыныс айтты. Егер бұл келісімшарттағы соңғы жекпе-жек болса, қуана келісіп, белбеуді ұтып алушы едім. Алайда мен бұдан әрі қалғым келмеді. Сондықтан ко­мандаммен ақылдасып, уақыт жо­ғалтпау керегін ойладық», – дейді Ал­мабаев.
Айта кетерлігі, Асу Алмабаев UFC-ге ауысқысы келетінін мәлім­де­ген-ді.