Отандасымыз, ММА шебері Асу Алмабаев BRAVE лигасындағы келісімшартының аяқталғанын мәлімдеді. Ол аталған лигадағы барлық кездесуін жеңіспен аяқтаған.
«Жақында BRAVE өкілдерімен кездестім. Олар келісімшартты ұзартып, Алимұрадовпен белбеуге таласу туралы ұсыныс айтты. Егер бұл келісімшарттағы соңғы жекпе-жек болса, қуана келісіп, белбеуді ұтып алушы едім. Алайда мен бұдан әрі қалғым келмеді. Сондықтан командаммен ақылдасып, уақыт жоғалтпау керегін ойладық», – дейді Алмабаев.Айта кетерлігі, Асу Алмабаев UFC-ге ауысқысы келетінін мәлімдеген-ді.