Елена Рыбакина теннистен Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде екінші орын алды. Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптасып, финалда өнер көрсеткен еді. Алайда олар Луиза Стефани мен Тэйлор Таунсенд (Бразилия/АҚШ) жұбына есе жіберді. 1 сағат 45 минутқа созылған кездесуде 5:7, 6:7 (3:7) есебімен қарсыластар жеңіске жетті.