Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Ауа райының күрт төмендеуі 54 жыл бұрын болған. Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтар күні түнде Алматыда екі температура рекорды тіркелген.
«Минимум температура «Шымбұлақта» тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жеткен. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы шамамен -27 градус болған. Сондай-ақ «Мыңжылқы» метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтар күні -32,4 градус болды», – дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекшісі, инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев. Оның айтуынша, биыл Алматыда салыстырмалы түрде аяз қатты.