«Сарыағаш» қылмыстық тобы үйінде ұсталды
«Сарыағаш» қылмыстық тобы үйінде ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
Polisia.kz-тің жазуынша, Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған «Сарыағаш» қылмыстық тобын ұстады.
«Өзбекстан Республикасына жол жүретіндер ақша беруден бас тартқан жағдайда  қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, алдыңғы әйнектерін сындырып, жүк автокөліктерінің дөңгелектерін тесіп кеткен», – дейді полицейлер.
Күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша ұстады. 13-і де – Түркістан облысының тұрғындары.   https://youtu.be/865AJ16hVtw Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.