Сенат депутаттарын сайлау: журналист Бибігүл Жексенбай ең көп дауыс жинады
Сенат депутаттарын сайлау: журналист Бибігүл Жексенбай ең көп дауыс жинады
Фото: qazdauiri.kz
928
оқылды
Бүгін Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Сенат депутаттарын сайлауда Астана қаласы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы белгілі болды. Астанада таңдаушы ретінде тіркелген 31 мәслихат депутатының 29-ы дауыс беруге қатысты. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес, Астана бойынша журналист Бибігүл Жексенбай (62,2%) ең көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 18 адам қолдаған. Ал сайлауға түскен Бағдат Әзбаев – 6, Наримаш Мұхамбеталина   4 адамның қолдауына ие болды. Бір адам «бәріне қарсымын» деп өз таңдауын жасаған. Бибігүл Жексенбай әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін  тәмамдаған. Бизнес әкімшілік магистрі, Халықаралық Бизнес академиясының шәкірті /ХБӘ/. Бірнеше телевизиялық деректі фильмдердің авторы. Еңбек жолын 1991 жылы «Спорт» республикалық газетінде тілші болып бастаған. «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Атамура-Столичное обозрение» газетінде жұмыс істеген. 1996 мен 2007 жылдары Астана қаласында қатардағы тілшіден «Хабар» агенттігінің орталық бюросының директор орынбасарына дейін қызмет етті. 2007 жылы «КТК» телеарнасына қазақ тілінде хабар тарату жетекшісі болып істеді. 2007-2008 жылдары Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, кейін  «Қазақстан» телеарнасы директорының орынбасары болды. 2008 жылы  «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылы «Жетінші канал» телеарнасының бас директоры орынбасары және бас редакторы болды. 2010 жылы «Жетінші канал» телекомпаниясының бас директоры қызметін атқарады. 2011 жылдың қаңтарынан «ЭРА» телекомпания» ЖШС директорлар кеңесі төрайымы. 2012 жылдан бүгінге дейін «Бас редакторлар клубында» еңбек етті.