Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртенді. Қалалық Полиция департаменті осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды polisia.kz Telegram каналы. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, аталған дерек ҚР ҚК-нің 202-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қалалық ПД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы Полиция департаментінің бақылауында