Полицейлер жолда қалған 800-дей көлікті бір тізбекпен алып жүрді
Полицейлер жолда қалған 800-дей көлікті бір тізбекпен алып жүрді
193
оқылды
 Павлодар облысы Шідерті ауылында ауа райының қолайсыздығынан туындаған көлік кептелісі сейіле бастады.
Қарлы боран салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 12 қаңтарда Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық трассасын жабу туралы шешім қабылданды. Полиция нарядтары және басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок-бекеттер қойылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктердің жиналуы пайда болды.
«13 қаңтарда Полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция ротасының экипаждарының көліктер тізбесін бір тізбекпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Күні бойы полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық көлік құралын алып жүрді, тағы 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрді», – делінген министрліктің хабарламасында.