Семей-Өскемен тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Семей-Өскемен тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тапты
287
оқылды
 Абай облысының Полиция департаменті Семей-Өскемен жолындағы көлік апатына қатысты іс қозғады. 14 қаңтар күні сағат 13:30 шамасында Семей-Өскемен тасжолының 111/87 шақырымында жол апаты болды. ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған. Қазір кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.