Жабық жолда полицейлерге бағынбаған жүргізуші қамауға алынды
Жабық жолда полицейлерге бағынбаған жүргізуші қамауға алынды
294
оқылды
Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Екатеринбург тасжолы жабылған кезінде болған. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді.