Түркістан облысында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды

Түркістан облысында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды

Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда сағат 18.41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша, газ баллоны жарылғаны, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазір  балалардың жағдайы анықталып жатыр. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек көрсетті. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Бүгінде жеке басының деректері анықталып жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс жүргізді, құтқару техникасы жұмылдырылды.