Непалдағы ұшақ апатында барлық жолаушы қаза тапты - БАҚ
Непалдағы ұшақ апатында барлық жолаушы қаза тапты - БАҚ
Непалдағы ұшақ апаты салдарынан барлық жолаушы мен экипаж мүшесі қайтыс болды. Бұл туралы Непалдың жергілікті билігі хабарлап жатыр, – деп хабарлайды News18 телеарнасы. ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы жексенбіде Похара қаласының ескі және жаңа әуежайлары арасында апатқа ұшыраған болатын. Жергілікті Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Катмандудан Похараға ұшқан еді. Әуекомпания өкілінің мәліметінше, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.
"Жергілікті билік органдары апатқа ұшыраған ұшақтың барлық жолаушысы мен экипаж мүшесі қаза тапты", деді телеарна дикторы.
Оның алдында телеарна 45 жолаушы қаза тапқанын хабарлаған болатын.