Алматыда барахолка маңындағы өрт сөндірілді
Алматыда барахолка маңындағы өрт сөндірілді
Алматыдағы базардың біріндегі қоймадан шыққан өрт сөндірілді. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 91 қызметкері, 23 техникасы мен «Алматы Су» мекемесінің 2 су тасығыш машинасы және қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды.
«Өртті сөндіру жұмыстары объектілік гидрант өртінің ақаулы болуымен күрделеніді. Осыған байланысты су беру жұмыстары қосымша үздіксіз қамтамасыз етілді: келген өрт сөндіру автоцистерналарынан магистральды желілер тартылды, жақын маңдағы өрт су қоймасынан су алу ұйымдастырылды, Алматы су техникасы іске қосылды. Құрылымдардың құлауы өрт сөндірушілерге қоймаға кіруге мүмкіндік бермеді», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында өрт түскі сағат 13.18-де толық сөндірілді. Еске сала кетейік, Алматыдағы қоймалардың бірі бүгін таңертеңнен бері өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.