Жиһангез Қотырашев Жер шарын аралап шықпақ
Жиһангез Қотырашев Жер шарын аралап шықпақ
365
оқылды
Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы жиһангез Сәрсенбай Қотырашев енді әлемді араламақ.
«Сәлем достар! Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таңғалдырған, қуантқан және көптен бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды», деп жазды марафоншы Instagram  парақшасында.
Марафоншы алғаш рет Қазақстанның көптеген көрікті жерлерін жүріп өткенін, енді Жер шарын айналып шығуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Ендігі кезекте, мен оның шеңберінен шығып, Жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені бір жолдың соңы қашан да жаңа жолдың басы», деді Сәрсенбай Қотырашев.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сарсенбай Котырашов (@ulytaumen)