Еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол бөлігі жабық тұр
Еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол бөлігі жабық тұр
Еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол учаскесі жабық тұр, – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
«Абай облысында көрінудің нашарлауына байланысты «АлматыӨскемен» тасжолының Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Шығыс Қазақстан облысында боран мен көрінудің нашарлауына орай «Алматы Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», деп жазды оператор ведомстводан.
Айта кетейік, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 380 жол-пайдалану техникасы мен 460 қызметкер жұмылдырылды. Тәулігіне 1 мың м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.