Шымкенттегі цехтан шыққан өрт 3 сағаттан соң сөндірілді
Шымкенттегі цехтан шыққан өрт 3 сағаттан соң сөндірілді
375
оқылды
Шымкентте 3 тонна макулатурасы бар цех өртенді, өрт 3 сағаттан кейін сөндірілді. Шымкент қалалық  Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 15 қаңтарда сағат 10.47-де "101" басқару пультіне Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде өрт туралы ақпарат түскен.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп,  өрт "Оңтүстік" индустриялық аймағында  макулатура қайта өндеу бойынша "Бумпром" ЖШС аумағында болғанын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жалпы ауданы 60х20 шаршы метр болатын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанып жатыр. Өрттің ауданы 200 шаршы метр болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", делінген хабарламада.
Өрт сағат 12.37-де оқшауланды, сағат 13.18-де сөндірілді. Өртті сөндіруге Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.