Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
500
оқылды
 Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, - деп хабарлайды Ақорда. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.