Талдықорғанда оқушы қызды құрдастары ұрып-соқты: ата-аналары жауапқа тартылды

Талдықорғанда оқушы қызды құрдастары ұрып-соқты: ата-аналары жауапқа тартылды

Екі оқиға Алматының Алатау ауданында болған. Онда қаладағы колледждердің бірінде оқитын кәмелетке толмаған студенттер қатысқан.
"Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Бірінші жағдайда оқиғаның 15 жастағы қатысушылары видеоның 2022 жылдың ақпанында түсірілгенін хабарлады. Олар өз кінәларын толық мойындады", - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.
Қыздардың аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127, 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
"Төбелеске қатысушылар тіркеуге алынып, ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады", - деді Талғат Беркінбаев.