Алматы облысындағы «Алтын орда» базарында бұрын басшылықта жұмыс істеген төрт адамға халықаралық іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Tengrinews.kz-тің жазуынша, былтыр желтоқсанның соңында базар аумағында төрт адам туралы ақпарат жазылған парақшаларды көпшілік жүретін жерлерге жапсырып қойған. Қылмыстық топ аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Күдіктілерді «Алтын Орда» базары орналасқан Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр. Алматы облысының полиция департаменті аталған адамдардың іздестіріліп жатқанын растады.
«Криминалдық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Данияр Әбдіғапаровқа халықаралық іздеу жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» жасады деген күдікке ілінген», – деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі өкілдері.
"Қылмыстық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Жұмадин Патовқа халықаралық іздеу жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» жасады деген күдікке ілінген", – дейді полиция.
«Криминалдық полиция қызметкерлері 1984 жылы туған Қанат Жақаевқа халықаралық іздеу жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» жасады деген күдікке ілінген», – деді ПД өкілі.
«Криминалдық полиция қызметкерлері 1986 жылы туған Айдос Нұрқалиевке халықаралық іздеу жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» жасады деген күдікке ілінген», – деді полиция департаментінің өкілдері.
Бұл қылмыстық іс Алматы облысының прокуратурасының бақылауында. Прокурорлар күдіктілер бұрынғы –Алтын Орда» базарында басшылық жұмыс істегенін және оларды іздестіру базар сатушыларының шағымына байланысты екенін атап өтті.
Сатушылар бұрын салынып жатқан павильондағы сауда орындарын алу үшін бұрынғы әкімшілікке қомақты ақша төлегенін айтқан. Алайда ғимарат тұрғызылмаған, ал адамдар сауда алаңдарын ала алмай, ақшасынан айырылып қалған, базарға жаңа басшылық келген.