Сүңгуірлер көлігімен Алакөлге батып кеткен жүргізушінің мәйітін 28 метр тереңдіктен тапты
Сүңгуірлер көлігімен Алакөлге батып кеткен жүргізушінің мәйітін 28 метр тереңдіктен тапты
Фото: ТМЖ-нен алынды
475
оқылды
Көлік жүргізушісі төте жол мұздың үстінен машинасымен өтпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ТЖМ-нің мәліметінше, 13 қаңтар күні сағат 15:10 шамасында «Нива» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлінен мұз үстімен жүрген. Мұз жарылып, көлік суға батып кеткен. Өкінішке қарай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай машинасымен суға кетті. Сүңгуірлер 14 қаңтар күні сағат 11:00-де суға батқан адамның мәйітін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды. Су бетіне шығаруға ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.