Алматыда тағы да су құбыры жарылды

Алматыда тағы да су құбыры жарылды

Алматыда «Жайлы» тұрғын үй кешенінің маңында жылу құбыры жарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бүгін түнде Алмалы ауданы Сайран көлінің маңында орналасқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Салдарынан бірнеше көпқабатты үй уақытша жылусыз қалды.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @dorogi_almaty_official +21🇰🇿 (@dorogi_almaty_official)

Алматы қалалық коммуналдық қызметтің мәліметінше, жарылған жылу құбыры тұрғын үй кешенінің балансында тұр. Құбыр 2003 жылы пайдалануға берілген. Оның диаметрі – 150 сантиметр.
–«Таңғы сағат 3-4-тің арасында ішкі учаскеде жылу құбыры жарылды. Біздің мамандар апат орнына барып, оны қалпына келтіруге көмектесті. Таңғы сағат 08:00-ге қарай үйлерге жылу берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,  – деді Алматы қаласы ЖЭО және ТКШ ресми өкілі Ян Гирин.
Бұған дейін Алматы қаласы Мыңбаев көшесінде су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басқаны туралы жазған болатынбыз.