Оның мойын омыртқасы сынған деген диагнозбен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызды. Оқиға 12 қаңтар күні сағат 13.00-де облыс орталығындағы 11-шағынауданында болған. Жалға алушылар алтыншы қабаттағы пәтерден 39 жастағы ер адамның үстіне диван лақтырып жіберген. Оны ес-түссіз күйде жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.