Рыбакина Australian Open жарысының алғашқы айналымында жеңіске жетті
Рыбакина Australian Open жарысының алғашқы айналымында жеңіске жетті
325
оқылды
Рыбакина Мельбрунде басталған Australian Open жарысының алғашқы айналымында италиялық Элизабетта Кочареттоны 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, екінші айналымға шықты Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Ойында Рыбакина 5 эйс, Кочаретто 2 эйс жасады. 23 жастағы Рыбакина әлемдік рейтингте 25-орында, 21 жастағы Кочаретто 48-орында тұр. Рыбакина екінші айналымда Кайя Юван (Словения, рейтингте 104-орында) – Селена Яничевич (Франция, 185-орында) жұбының жеңімпазымен ойнайды.