Жасанды ұйқы безі 2-типті қант диабетімен ауыратын науқастар үшін сәтті сынақтан өтті. Кембридж университетінің ғалымдары глюкоза деңгейінің көтерілуіне жауап ретінде қанға автоматты түрде инсулин шығаратын жасанды ұйқы безін ойлап тапты. Жаңалықты Aikyn.kz газета.ru сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап хабарлайды.
2-типті қант диабеті ең жиі таралған және семіздікпен тығыз байланысты. 2-типті қант диабеті бар адамдардың 20-30% қандағы қант деңгейін бақылау үшін күнделікті инсулинді қабылдауы керек. Ғалымдар толық автоматты жүйе әзірледі: Жүйеге глюкоза мониторы, инсулин сорғысы және қандағы қантты мақсатты диапазонда ұстау үшін қанша инсулин қажет екенін болжайтын бағдарламалық құрал (CamAPS HX смартфон қолданбасы) енгізілген.
[caption id="attachment_236303" align="aligncenter" width="1220"]
«2-типті қант диабетімен ауыратын көптеген адам инсулин сияқты қазіргі уақытта қолжетімді емдеу әдістерін қолдана отырып, қандағы қант деңгейін басқаруда қиындықтарға тап болады. Жасанды ұйқы безі оларға көмектесу үшін қауіпсіз және тиімді. Бұл технологияны пайдалану оңай және үйде қауіпсіз түрде жүзеге асырылуы мүмкін» екенін атап көрсеткен.