Елімізде жол-көлік оқиғасы ең көп болатын күн – дүйсенбі

Елімізде жол-көлік оқиғасы ең көп болатын күн – дүйсенбі

Елімізде жол-көлік оқиғасы ең көп болатын күн – дүйсенбі. Сонымен бірге, сенбі мен сейсенбі күндері де сол тізімде тұр. Жол апаты ең аз болатын күн – бейсенбі екен. Бұл туралы ranking.kz. хабарлады.  Ал жол-көлік оқиғаларының 68%-ы күндіз, 19%-ы ымыртта, 12%-ы түнде болған. Былтырғы қаңтар-қараша айларында республикада 13,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Бұл бір жыл бұрынғыдан 9,2% көп. Оның ішінде 1,7 мыңы (немесе 13%-ы) кісі өлімімен аяқталған. Тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санының 11,6 мыңы көлік жүргізушілерінің кінәсінен екен. Ал 378-і дерек жаяу жүргіншілердің кінәсінен, үш дерек коммуналдық қызметтердің кінәсінен, бір дерек жол қызметі мен мердігерлердің кінәсінен болған. Өңірлер бойынша жазатайым оқиғалардың ең көбі Алматыда тіркелді: 3,5 мың ЖКО, бір жылда 20,6% көбейген. Одан кейін дәстүрлі түрде Алматы (1,9 мың жағдай, 8,2% азайған) және Жамбыл (1,4 мың, 21,9% көбейген) облыстары. Ең аз жазатайым оқиғалар жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында тіркелді. Өйткені бұл өңірлер 2022 жылдың ортасында ғана құрылғандықтан, көрсеткіш төмен болып отыр.