Шымкентте өз пәтерінен үш адамның мәйіті табылды
Шымкентте өз пәтерінен үш адамның мәйіті табылды
Фото: 24.kz
1,948
оқылды
Шымкентте үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, үшеуі де көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болуы мүмкін, – деп хабарлайды Оtyrar.kz Шымкентте 13 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Спорт» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен екі адамның – 55 жастағы әйел мен 20 жастағы жігіттің мәйітін тапты. Шақыру орнына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШПФ жедел бригадасы тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Лоджияға ағынды су жылытқышы мен 4 көзді газ плитасы орнатылған.
«Лездік су жылытқыштың үстіндегі жалғастырғыш құбыр (гофр) лоджия қабырғасы арқылы көшеге шығарылады, бөлменің сыртында қаңылтыр құбырдан түтін тартқышы жасалып, 1 метр биіктікке көтеріледі. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. ҚР ІІМ бұл фактіні тексеретін болады», – делінген хабарламада.
Тағы бір қайғылы оқиға 15 қаңтарда «Самал-3» шағынауданында болған. Болжам бойынша, 1991 жылғы келіншек көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.
«Қоңырау шалған жерге 01:26-да жеткен жедел топ тексеру барысында монтаждау талаптарының бұзылғанын анықтады: жуынатын бөлмесінде «Лидер» маркалы су жылытқышы және «Боринский» маркалы жылу қазандығы орнатылған. Байланыстырушы құбыр (гофр) төбе арқылы көшеге шығарылған және 5 см саңылаумен лездік су жылытқышқа қосылмаған», – деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдері.
Апаттардың себептері анықталып жатыр.