"Не болып кетті?”: Алматыда оқушы қыздардың төбелескен видеосы тарады
"Не болып кетті?”: Алматыда оқушы қыздардың төбелескен видеосы тарады
Ѕ видеодан алынды
1,648
оқылды
Желіде Алматыдағы оқушы қыздардың төбелескен видеосы көпшіліктің талқысына түсті, – деп хабарлады EGOV.PRESS Telegram арнасы. Facebook желісінде Акма Басирова бұл видеоға  «Алматының білім басқармалары мұны біле ме? Не болып кетті?» деп жазды. Оқиғаға байланысты қалалық полиция басқармасы пікір білдірді. «Егов Пресс» парақшасында белгісіз тұлғалар, бір қызды жерге жатқызып әлімжеттік көрсетіп жатқан бейнежазба жариялады. Аталған оқиғаны тексеру барысында 04.01.2023 жылы Алатау ауданы Ұлжан-1 ықшамауданы Бозарал көшесінің бойында орын алғаны анықталды. Оқиғаға қатысты тұлғалар кәмелетке толмаған 15 жастағы Ж., 15 жастағы А., 15 жастағы Д., есімді кәмелетке толмағандар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шаралар қолданылды», – деп хабарлады ведомство.