Шетелде құлдыққа түскен қазақ жігіттеріне қатысты тың дерек шықты
Шетелде құлдыққа түскен қазақ жігіттеріне қатысты тың дерек шықты
фото: tengrinews.kz
1,140
оқылды
Дубайға ақша табуға кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған екі отандасымыздың тағдыры елді алаңдатып отыр, – деп хабарлайды Qazaqstan.tv. Ата-аналары жарты ай бұрын іздеу салған іс осы аптада ғана көпшілікке жария болды. Із-түзсіз жоғалған 25 жастағы Исламбек Қазбековтің достарына жолдаған соңғы хабарламасындағы геолокациядан Мьянмада жүргені белгілі болған. Кейін Исламбек жазды деген хаттың мәтіні жарияланды. Онда ол Таиландқа жұмысқа алдап алып кетіп, үш мемлекеттің шекарасындағы «Алтын үшбұрыш» аймағы деп аталатын есірткі өндірісінің орталығына тап болғанын жазады. Әрі жанында тағы бір Қазақстан азаматы барын хабарлайды. Ол – 23 жастағы Жарас Сейіткәрім екені кейін анықталды. Осы аптада Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі азаматтың Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек құлдығына түскенін растады. Оларды елге қайтарып алу үшін барлық мемлекеттік орган жұмылдырылған.