Атыраулық полицейлер көшеде жанжал шығарған топтан қару тәркіледі
Атыраулық полицейлер көшеде жанжал шығарған топтан қару тәркіледі
Фото: 24.kz
370
оқылды
Оқиға 15 қаңтар күні сағат таңғы 05:00 шамасында болған. Атырау қаласының Темірханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде белгісіз азаматтар арасында жанжал орын алған. Оқиға орнына жеткен полицейлер 10 адамды полиция бөліміне жеткізген. Нәтижесінде полиция бөліміне жеткізілгендердің арасындағы бір адамның кәмелетке толмағаны анықталды.
" Сегіз ер азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434- бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, олардан қылмысқа жатпайтын суық қару тәркіленді" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова