"Тек Алғысхат қана берген": ШҚО-да үш баланы құтқарған ер адамға берілген сыйлық желіде қызу талқыға түсті
"Тек Алғысхат қана берген": ШҚО-да үш баланы құтқарған ер адамға берілген сыйлық желіде қызу талқыға түсті
Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті
563
оқылды
Өскеменде ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы құтқарып қалған. Кейін Қайрат Шерепановты тек Алғысхатпен марапаттады. Өз өмірін қатерге тіккен тұрғынға мұндай сыйлықтың берілуі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Stan.kz. Қайрат Шерепанов үйдің отқа оранғанын көрген. Ойланбастан үйге кірген ол 2017, 2018 және 2020 жылы туған балаларға үйден шығуға көмектескен. Ал балалардың анасы үйден өз бетінше шыға алған. Кейінірек оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, тарап кетуіне жол бермеді. Анықталғандай Қайрат Шерепанов "Өскемен-Водоканалда" жұмыс істейді. Оның ерлігі туралы алдымен кәсіпорынның парақшасында, сосын Өскемен қаласы әкімдігінің парақшасында жарияланды. "Өскемен-Водоканал" директоры Ернар Әубәкіров өз қызметкерінің ерлігі туралы айтып, оған Алғысхат пен ақшалай сыйлықты табыстады. Алайда желі қолданушылары Қайрат Шерепановқа берілген сыйлыққа наразылығын білдірді. "Нағыз батыр! Бірақ ол басқа сыйлық күткен шығар", "Ұят емес пе? Адам өз өмірін қатерге тікті, бірақ оған тек алғыс хат берген", "Астанада бір баланы құтқарғаны үшін пәтер береді. Ал Өскеменде үш бала үшін – алғыс хат" деп жазды желі қолданушылары.