Ел құрамасы дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жарысты жүлдесіз аяқтады. Михаил Шайдоров үздік бестікке енді. 16 қаңтар күні Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсетті. Шайдоров қос бағдарлама қорытындысында 231,08 ұпай еншілеп, төртінші орынға табан тіреді. Ал төрешілерден 196,41 ұпай алған Диас Жиренбаев он бірінші орынға жайғасты. Ерлер арасында жапон Стао Ямамото (274,86 ұпай) Универсиада чемпионы атанса, отандасы Тацуи Цубоя (243,82 ұпай) күміс иеленді. Ал италиялық Николай Мемола (231,33 ұпай) қола жүлдегер атанды.
Айбике ЖАНАСЫЛ