Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғыны 6 айдан бері табылмай жатыр
Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғыны 6 айдан бері табылмай жатыр
Фото: ПД-дан алынды
3,660
оқылды
Қызылордада осыдан жарты жыл бұрын жоғалып кеткен 46 жастағы азаматтан әлі күнге дейін хабар жоқ. Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздестіріп жатыр. Қызылорда қаласының 46 жастағы қала тұрғыны Еркін Аханұлы Науанов 2022 жылғы 9 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Үйіне қайта оралмаған. Ерекше белгілері: бойы: 1,75-1,80 см орта денелі, шашы қара ақ аралас, көзі коңыр, қалың қасты. Киімі: ақ түсті футболка, қара түсті шалбар киген. Полиция Еркін Аханұлы Науанов туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдай 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына хабарласуды сұрайды.