Ең қауіпті смарт-сағаттар анықталды
Ең қауіпті смарт-сағаттар анықталды
Ұлыбританиялық «Which?» тұтынушылар ұйымы нарықта сатылатын арзан смарт-сағаттардың қауіпті жақтарын анықтады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
Сараң адамдар екі рет әрі қымбатырақ төлейтіні белгілі. Британдық Which? тұтынушылар ұйымы нарықта сатылатын арзан смарт-сағаттардың қауіпті жағын анықтады. Aikyn.kz өзінің оқырмандарына ақылды құрылғылардан туындайтын қауіптерді rskrf.ru сайтына сілтеме жасап түсіндіреді. [caption id="attachment_236461" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 Apple, Fitbit және Samsung сағаттарының арзан клондарына иесі туралы тым көп мәліметтер жинауға, оның геолокациясын ұдайы бақылауға арналған қауіпті функциялар орнатылған. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Ресейлік сарапшылар британдық Which? тұтынушылар ұйымының кибер қауіпсіздік мамандарымен бірлесіп сынаған 12 құрылғыны бағалаған. Ақылды деп саналатын құрылғылар Apple, Fitbit және Samsung сағаттарының арзан түрі.
Оларда сағат иесі туралы тым көп мәлімет жинауға, оның геолокациясын ұдайы бақылауға арналған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін функциялар орнатылған.
Сонымен бірге смарт-сағаттарда бұғаттаудың жоқтығы, жеке  деректердің қауіпсіз сақталуы, ақпаратты шифрланбаған түрде жинау сияқты кемшіліктер бар. Осындай кемшіліктердің салдарынан гаджет ұрланған жағдайда жеке деректер басқа адамдардың қолына түсіп, теріс мақсатта қолданылуы мүмкін. [caption id="attachment_236463" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 IWO Pro Series 7 смарт-сағаты 5 минут ішінде 250 рет иесінің орналасқан геолокациясы туралы ақпаратты сұрайды. Сағат геопозицияны дәл көрсетеді. Осылайша, сағат иесінің тұратын мекенжайы мен жұмыс орнын 1 метрге дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Сарапшылар қауіпті сипаттағы смарт-құрылғылардың тізімін де көрсеткен: Briame D20 Pro Smartwatch Y68; Бриам M6; ID115 Plus спорттық фитнес трекері; IWO 14 Pro 7 сериясы; Fit-Bit Fitness Smart Watch Band Sport Activity Tracker; Cobrafly P8; Chuyong 2022 және IP67 модельдері; Aswee PUO1.
Сыналған смарт-құрылғылардың ішіндегі ең нашары деп IWO Pro Series 7 аталды. Бұл сағат 5 минут ішінде 250 рет иесінің орналасқан геолокациясы туралы ақпаратты сұрайды. Өндіруші бұл функцияны ауа райының дұрыс жұмыс істеуі мен басқа қызметтер үшін қажет екенін айтқан.
Бұл сағат шамамен емес, геопозицияны дәл көрсетеді. Осылайша, сағат иесінің тұратын мекенжайы мен жұмыс орнын 1 метрге дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Адамдардың қауіпсіздігі мен жеке басының құпиясын ашатын мұндай құрылғылар қаскөйлердің қолына түссе қандай салдарларға алып келетіні белгісіз. [caption id="attachment_236464" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Сарапшылардың анықтаған тағы бір кемшілігі – мәліметтерді шифрлаудың жоқтығы мен құрылғының дұрыс жұмыс істемеуі, жүрек соғысы мен қандағы оттегінің деңгейін, жүрген қадамдарды қате көрсетуі. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Сарапшылардың анықтаған тағы бір кемшілігі мәліметтерді шифрлаудың жоқтығы мен құрылғының дұрыс жұмыс істемеуі, жүрек соғысы мен қандағы оттегінің деңгейін, жүрген қадамдарды қате көрсетуі болған.
Қорыта айтқанда, француздық сәнгер Мадлен Вионнеттің «арзан дүние сатып алатындай бай емеспіз» деген сөздерін есте сақтаған дұрыс сияқты.
Яғни, бұл сөз өрнегінің мағынасын былай түсіну керек: шындығында арзанына қызығып сатып алған заттарға көп ақша жұмсалады. Өйткені арзан тез тозады, оны жөндеуге қосымша ақша жұмсауға немесе жиі-жиі жаңартып, тағы да жаңа заттар сатып алуға тура келеді.