Сараң адамдар екі рет әрі қымбатырақ төлейтіні белгілі. Британдық Which? тұтынушылар ұйымы нарықта сатылатын арзан смарт-сағаттардың қауіпті жағын анықтады. Aikyn.kz өзінің оқырмандарына ақылды құрылғылардан туындайтын қауіптерді rskrf.ru сайтына сілтеме жасап түсіндіреді.
[caption id="attachment_236461" align="aligncenter" width="1800"]
Оларда сағат иесі туралы тым көп мәлімет жинауға, оның геолокациясын ұдайы бақылауға арналған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін функциялар орнатылған.Сонымен бірге смарт-сағаттарда бұғаттаудың жоқтығы, жеке деректердің қауіпсіз сақталуы, ақпаратты шифрланбаған түрде жинау сияқты кемшіліктер бар. Осындай кемшіліктердің салдарынан гаджет ұрланған жағдайда жеке деректер басқа адамдардың қолына түсіп, теріс мақсатта қолданылуы мүмкін. [caption id="attachment_236463" align="aligncenter" width="1800"]
Сыналған смарт-құрылғылардың ішіндегі ең нашары деп IWO Pro Series 7 аталды. Бұл сағат 5 минут ішінде 250 рет иесінің орналасқан геолокациясы туралы ақпаратты сұрайды. Өндіруші бұл функцияны ауа райының дұрыс жұмыс істеуі мен басқа қызметтер үшін қажет екенін айтқан.Бұл сағат шамамен емес, геопозицияны дәл көрсетеді. Осылайша, сағат иесінің тұратын мекенжайы мен жұмыс орнын 1 метрге дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Адамдардың қауіпсіздігі мен жеке басының құпиясын ашатын мұндай құрылғылар қаскөйлердің қолына түссе қандай салдарларға алып келетіні белгісіз. [caption id="attachment_236464" align="aligncenter" width="1800"]
Қорыта айтқанда, француздық сәнгер Мадлен Вионнеттің «арзан дүние сатып алатындай бай емеспіз» деген сөздерін есте сақтаған дұрыс сияқты.Яғни, бұл сөз өрнегінің мағынасын былай түсіну керек: шындығында арзанына қызығып сатып алған заттарға көп ақша жұмсалады. Өйткені арзан тез тозады, оны жөндеуге қосымша ақша жұмсауға немесе жиі-жиі жаңартып, тағы да жаңа заттар сатып алуға тура келеді.