БҚО-дағы Энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

БҚО-дағы Энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес,  Мирас Рүстемұлы Мүлкәй БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мирас Мүлкәй 1989 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі болып бастады. Әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының бас маманы, сектор меңгерушісі, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады. 2019 жылдан күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.