Адамдарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Адамдарды жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Ауыл тұрғыны өзін ХҚКО қызметкері ретінде таныстырып, астаналықтарды жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп алдап келген. Алаяқ мұндай қызметі үшін 160 теңгеге дейін алған.

«Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға көмек ұсынып, хабарландырулар орналастырған. Ол өзін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырған. Бүгінгі күні полицияға алданған 8 азамат жүгінді, зардап шеккендерден өтініштер келіп түсуде», деді Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Байқоңыр» ауданының полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған. Ол өзінің көмегі үшін 80-160 мың теңге аралығында ақша алған. Аталған алаяққа алданған елорда тұрғыны өткен жылдың маусым айында 120 мың теңгесін беріп қойған. Әйел ақшаны да, құжаттарды да алмағаннан кейін полицияға жүгінген.
«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Жүргізуші куәлігін жасау туралы жеке тұлғалардың ұсыныстары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарландырулар алаяқтық болып табылады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған»,  делінген полиция хабарламасында.