Қолдан жасалған сұлулық
Қолдан жасалған сұлулық
371
оқылды
Бүгінде қыз-келіншектер көрікті болу үшін отаның көмегіне жүгінуді жөн санайды. Табиғи сұлулыққа көңіліңіз толмаса, қапаланудың қажеті жоқ, қаржыңыз болса пластикалық хирургтар бәріне әзір. Дегенмен «артық қылудың» соңы «тыртық қылдыға» жалғасып жататын жайдайлары да көп. Әлемде айы оңынан туып тұрған сұлулық индустриясының жолында арулар денсаулығын құрбан етуге даяр. Кәсіби косметика мен көпса­ла­лы салондарды да бұл қатарға қосыңыз. Шы­нын­да, нарықтағы сұранысқа ие сұлулық салон­дарының пайдасы мен зияны қандай?

Әдемілікке сұраныс көп

Әлемдік деңгейдегі визажист Гоар Аве­тисян­­ның дүниежүзінің түкпір-түкпірінде ұйым­дастырылатын шеберлік сабақтары ылғи аншлагпен өтеді. Қазақстанда да соң­ғы жылдары кәсіби визажистердің табы­сы артқан. Демек, қазір сұлу болуға сұраныс мол. Опа-далап пен жалпы косметика – ару­­лармен егіз ұғым іспетті. Сауда орын­дары­­ның сөрелерінде бағасына қарай таңдау көп. Нарықтағы табысты кәсіптің бірі той болса, меймандар мен той иелерінің барлығы дерлік кәсіби макияж жасатқанды қалайды. Ал оның тегін емес екені айтпаса да түсінікті. Орташа есеппен халыққа қол­же­тімді сұлулық салондарының өзінде қа­лыңдықты бояндыру 10 мың теңгеден басталады. Яғни, маникюр мен шаш әр­ле­уін қоспағанда аз уақытқа мінсіз сұлу болудың құны – 10 мың теңге. – Сұлулық салондарында тырнақ пен кірпікті әрлетуге сұраныс көп. Арзан кос­ме­тиканың зияны көп екенін бәрі біле бер­­мейді. Сондықтан өз басым сапалы әрі кәсі­би косметиканы қолданамын. Олар дү­кен­дегі жай косметикадан қымбатырақ бола­ды. Қазір қыз-келіншектердің барлығы дер­лік сұлулық салонына асығады. Менің жеке қабылдауыма күніне кем дегенде 5-6 адам келеді. Дегенмен сұраныс әр қалада әр­түрлі. Той көп өтетін өңірлерде сұраныс мол, – дейді визажист Сая Мейізбекова. Бояну мен опа-далапқа кім қанша шы­ғындалатыны – әркімнің өз еркінде. Алай­да соңғы кезде әдемілікке құмартқан жан­дар отаның көмегіне жиі жүгінетіні алаң­датып отыр.    width=  

Пластикалық отаның «заманы» жүрді

Қазір пластикалық ота жасату жолында денсаулығын, ақшасын аямайтын ару­лар көбейді. Бұрын Оңтүстік Корея әртіс­тері­нің 95 пайызы пластикалық отаға жүгі­не­­тінін айтып шошитын қазақ қоғамы «сұлу­лық оперециясына» бой үйрете бастағандай. Хи­­рур­гиялық отаның ең арзаны ерінге жа­са­­лады. Olx.kz қосымшасына кіре қал­­­са­ңыз, «ерінге 10 мың теңгеге ота жа­сай­­мыз» деген сияқты жарнамадан көз сү­­рінеді. Ал кәсіби хирургтар ерінге жа­са­­ла­тын отаның бағасы 35 мың тең­ге­ден жо­ғары екенін айтады. Құлақ пен көз ай­на­ласына жасалатын ота – 100-150 мың теңге шамасында. Егер дене пішінін өзгер­ту­ге бел бусаңыз 500 мың теңгеден артық шы­ғын­далуға тура келеді. Дүниежүзі елдері арасында Корея мен Жа­понияның қыз-келіншектері плас­­­ти­ка­лық отаны көп жасатады екен. Кә­­ме­лет жасына толған қыздар өзінің көр­­кіне кө­ңілі толмай жатса, пластикалық ота­ға жү­гіну әдетке айналған. Аталған елде сұлу­лық индустриясының дамығаны сон­ша, плас­ти­калық ота жасайтын хирургтар ара­сында бә­секелестік орта қалыптасқан. Ота­ның «си­қы­ры» осылайша әлемді жаулап бара жатыр.    width=   Өкінішке қарай, елімізде пластикалық ота жасатамын деп көз жұмған әйелдер кө­­бейді. Жуырда ғана Алматыда липосак­ция­дан 4 баланың анасы қаза тапты. Тек­­се­рістен белгілі болғандай, әйел арық­­тай­мын деп майын сорғызып алуға ше­шім қа­­был­даған. Алайда май ерітіндісі әйел­дің қа­нына түсіп кеткен. Қазақстанда дер­мато-косметологиялық қызмет көрсе­туге ма­­мандар лицензия ала бермейді екен. Жо­­­ғарыда Olx.kz қосымшасында плас­­ти­ка­лық ота жасаушылардың жарна­ма­сы­нан көз сүрінетінін айттық. Жарнама бойынша ха­бар­ласқанымызда мекеме атын айтудан бас тартқан Әсем есімді әйел ота жайлы баян­­дады: – Пластикалық отаның түрі көп. Лазер­мен немесе ине арқылы жасалатындары бар. Бағасы 9 мың теңгеден бастап 83 мың тең­геге дейін өсе береді. Бұрын әйелдер ота­­ның бұл түрінен бейхабар болатын. Бі­рақ жыл сайын жасатқысы келетін қыз-ке­ліншектер көбейіп барады. Зияны бар деп ойламаймын, ота сәтті жасалса, пай­­далы екеніне күмәнім жоқ, – дейді әйел. Сұлулыққа құмартып «құрбан» болған­дар арасында ботокс жасатушылар көп. Әсіресе, сәтсіз егілген инъекцияның сал­да­ры­нан адамның тегіс беті жиырылып қала­ды. Бейресми деректерге қарасақ, Қа­зақстандағы әрбір оныншы әйел ернін үл­кейткенді қалайды. Алайда ине­нің зия­нын ескермей жатқандар көп. Зерт­теу­лер А типіндегі ботулиндік нейротоксин адам немесе жануар ағзасына түскен мезетте ми мен жұлын, орталық жүйке жүйесін за­қымдайтынын анықтаған.  

ТҮЙІН:

 

Барлық жағдайды көріп-естіп жатса да, пластикалық отаға жүгінетіндер көбеймесе, азаяр емес. Кәсіби косметолог мамандар сұлулықтың сыры күтімде екенін айтады. Сұлулық жақсы, бірақ ерте жастан косметикаға құмар болғаннан гөрі күтімге назар аударып, ботокс пен басқаның көмегінен аруларымыз аулақ жүрсе дейміз. Сұлулық ақыл-естен айырмаса жөн. Әйтпесе, әйелдің бәрі әдемі!

 

М.ХАҚНАЗАР