Қор нарығында доллар қымбаттады
Қор нарығында доллар қымбаттады
1,163
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы –  464, 09 теңге. Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 69 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны 6,76 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір  Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 466, 5 теңге. Ресей рублі 6,57 - 6, 67 теңге аралығында саудаланып жатыр.