Желіде Украина қарулы күштеріне тұтқынға түскен қазақтың видеосы тарады
Желіде Украина қарулы күштеріне тұтқынға түскен қазақтың видеосы тарады
Фото: видеодан алынды
739
оқылды
Украина қарулы күштері Ресейдің атынан соғысқан қазақты тұтқынға алды, – деп хабарлады orda.kz. Украина әскерилері бір топ ресейлік сарбазды тұтқынға алды. Видеода тұтқындардың бірі Қазақстан азаматы екенін айтады. «Мұнда қалай келдің?» деген сұраққа ол «жұмыстан алып кетті» деп жауап берген. «Тұтқынның аман қалғаны немесе қамауда  екені белгісіз. Өйткені украиндықтар өз жеріне қарумен келгендердің барлығын жоюға құқылы»,–  делінген хабарламада. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы әскери операциялар кезінде болжам бойынша тұтқынға алынған этникалық қазақтың видеосына қатысты пікір білдірді. Ол министрлікке Украинаның құзырлы органдарынан Қазақстан азаматтарының ұсталғаны немесе қарулы қақтығысқа қатысқаны туралы ресми ақпарат келмегенін мәлімдеді. «Өздеріңізге белгілі, мұндай әрекеттер Қазақстанның заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікті көздейді»,  деп жауап берді ол брифингте. Сондай-ақ ол қазақстандықтар Қырым және басқа да даулы аймақтарға Украина билігінің рұқсатынсыз баратын болса, олар Украинаның басып алынған аумақтары мәртебесі туралы заңын бұзатынын айтты. Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтары басқа елдердегі әскери қақтығыстарға қатысса,  жалдамалы әскер ретінде қылмыстық баппен жазаланады. https://www.youtube.com/watch?v=68qudA9yu6M&t=50s