ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған жасөспірім қыз өзіне-өзі қол салды
ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған жасөспірім қыз өзіне-өзі қол салды
1,128
оқылды
ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған 13 жастағы қыз өз-өзіне қол салды. Жасөспірімнің әкесі ата-аналарға ескерту жасап, балаларының ұялы телефонын тексеруге шақырды. Бұл туралы astanatv хабарлайды. 13 жастағы қыз үйдегі баспалдақта асылып, қайтыс болған. Жеткіншектің әкесі оған ТікТок-тағы ойын кінәлі дейді. Айтуынша, платформада жаңа ойын пайда болған. Оның өз шарттары бар. Алдымен бала тамырын кессе, кейін асылып өледі.
– «Балаларыңыздың телефонын тексеріңіздер. Мен ары қарай қалай өмір сүрерімді, не істерімді білмеймін. Барлығы телефонның кесірінен», – дейді қайтыс болған қыздың әкесі.
Марқұмның әкесі қызымнан айырылған күні Таразда тағы екі оқушы өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Алайда олар ұялы телефондағы ойынды өшіріп үлгерген. Хабарламаның рас-өтірігін анықтау үшін Жамбыл облыстық полиция департаментіне хабарластық. Құзырлылар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
– «Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Жыл басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасында суицид деректері тіркелмеген», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Елімізде жеткіншектер арасында интернеттен жапа шеккендер саны 10 есе өскен. Былтыр 100-ден астам жеткіншек кибербуллингтің құрбаны болды. https://www.youtube.com/watch?v=veZ2oTsN4gs&embeds_euri=https%3A%2F%2Fazattyq-ruhy.kz%2F&source_ve_path=MjM4NTE&feature=emb_title  
– 3 класс оқитын қызым бар, қарап отырамын. Бірақ ондай ойын ойнамайды. Үнемі контрольда. Ата-аналар азаннан кешке дейін жұмыста ғой. Қолы босамайды, бала қараусыз қалады.
– Ата-аналарды да кінәлауға болмайды. Балаларды үйірме, сондайға қатыстыру керек шығар, қызықты. Қызығушылықтарын ояту үшін.
– Отырып сөйлесу керек, айту керек. Мынаны балам былай болмайды, байқап жүр, соткадан әртүрлі нәрсе шығады.
Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды екенін психологтар да айтады. Сондықтан балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез келген өзгерісті бақылауда ұстау керек дейді.
– «Кейде ата-аналар баласының бойынан жағымсыз өзгерісті байқаса, бірден ұрсып, кінәлап шығады. Олай жасауға болмайды. Егер ол қауіпті екенін білетін болса, бірден айтпау керек балаға ол қауіпті зиянды нәрсе деп. Себебі ол шошып кетіп, ата-анасына қандай ойын ойнап жатқанын айтпауы мүмкін. Мысалы жаман топқа келсе, олар «ата-анаңа, ешкімге айтпа» деп айтады ғой. Сондықтан әр ата-ана 18 жасқа дейінгі балаларды қадағалау керек», – деді психолог Жанар Аманғалиева.